Некесіз туылған бала_ Арман Қуанышбаев

Зинақорлық үлкен күнә Зина – ақылды және балиғат жасында болған еркек пен әйелдің некесіз қатынаста болулары дегенді білдіреді. Зина харам болып табылады. Құран кәрімде былай делінеді: «Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады.» (Исра 32) «Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нур 31, 32) Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Аллаһтың алдында зинадан үлкен күнә жоқ.» (Р. Насихин) «Бір жерде зина және риба көбейсе, ол жердің халқы бәлеге ұшырайды.» (Хаким) «Зинаның дүниеде үш зияны бар: 1- Әдемілікті және жүздегі нұрды кетіреді, 2- Кедейлікке жол ашады, 3- Өмірдің қысқаруына себеп болады. Ақыреттегі үш зияны: 1- Аллаһу та’ала ашуланады, 2- Қияметте есебі қатаң болады, 3- Жаһаннам отында азап шегуге себеп болады.» (Табарани)
Back to Top