Сонау Мекке шаһарынан ғана шығатын қасиетті зәмзәм суы елімізде кеңінен сатылуда. Алайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қасиетін мойындаған суға әркімнің қолы жете бермейді. Ал көзін тапқандар суды тасымалдап, пайда табуда. Мұсылман қауымы бір жұтуды аңсайтын зәмзәм суының бағасын әріптесім Жарас Ниязбек біліп қайтты.