Күн тәртібінде болмаса да сейсенбі күнгі үкімет отырысында теңгенің таяудағы құнсыздануы сөз болды. Ұлттық банк өкілдері теңге рубльге қарағанда “анағұрлым қалыпты“ деп мәлімдеді. Ұлттық экономика министрі “азық-түлік қымбаттамайды“ деп кесіп айта алмады.