Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы -- Мелодия души «Белгісіз»
Фотоматериал авторы -- Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»
Өңдеген -- Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Қайран шіркін өмір-ай,
Зырылдап, өтіп барасың.
Көзді ашып жұмғандай,
«Береке», «Бақыт» - қайдасың?
Қайран шіркін заман-ай,
Қалт-құлт еткен арман-ай.
Жүректе жатқан зарымды,
Қиналып тағы айта алмай.
Түсінер мені барма екен,
Жылаумен өткен түндер-ай?
Өмірдің заңы сол ма екен,
Жолдасым болды «Түн» мен «Ай»?