Будь осторожен

Сауд Арабиясы Корольдігінің ХХ ғасырдың соңындағы мүфтиі Абдулазиз ибн Баздан: «Аурудың алдын алу үшін дәрі-дәрмек қабылдаған дұрыс па? Мысалы, вакцина қабылдау?» деп сұралғанда: «Жұқпалы немесе басқа да аурулардың алдын алу мақсатында екпе салдарудың еш әбестігі жоқ. Хадисте айтылғандай, «Кімде-кім таңертең құрманың жеті данасын жесе, оған кешке дейін у да, сиқыр да дарымайды» делінген. Бұл дегені ауруға шалдықпастан бұрын алдын алудың бір түрі болып табылады». Ал, енді екпеден кейінгі болатын ауырсынуға қатысты дінде мынадай қағида бар: «Екі зиянның, зияндығы азын таңдау» деген. Осы қағидаға сәйкес, мысалы туберкулез ауруымен ауырғаннан гөрі, аталған аурудың алдын алуға арналған екпені салдырып, 1-2 күн болатын ауырсынуға сабыр еткен абзал болады. Бұны сау ақыл да қабылдайды. Және екпе салдырған адамдардың барлығы бірдей ауырсынуды сезбейтіндігін білеміз. Ал бүгінгі таңда орын алып жатқан діндар азаматтардың екпеден бас тартуы діннің салдары емес, денсаулыққа деген жауапкершіліктің жоғары болуынан деп білем
Back to Top