Кішкентай Зехра – кедей отбасының асыранды қызы. Қорғансыз бала әлі күнге дейін қуыршақпен ойнап, мұғалім болуды армандайды. Алайда, салт-дәстүрдің заңы оның бар арманын күл етеді! Зехра таныс емес адамға тұрмысқа шығып, өзін жақсы көрмейтін отбасында өмір сүруге мәжбүр! Тағдыр оған көп жылдар бұрын айырылып қалған анасымен кездесу мүмкіндігін сыйлайды...