Бұлақ көрсең, көзін аш!

“Өзен жағалағанның өзегі талмас“ дейді дана қазақ. Ендеше, тіршілік көзі - су қасиетін қанша айтса да артық болмас. Ерекше дыбысы бар арнайы түсірілген мына бейнежазбаға аз ғана уақытыңызды бөліп, демалып алыңыз да, бір стақан су ішіп алыңыз! Ағзаңызда қажетті мөлшерде су болмаса: 1. Бас айналып, жиі ауыратын болады. 2. Шаршау, әлсіздік пайда болады. 3. Мидың жұмыс істеуі баяулап, ойдың тынықтығы бұзылады. 4. Қан қоюланып, жүрек артық жұмыс істеуге мәжбүр болады. 5. Тәбетсіздік туып, іш қатуына әкеп соғады. Кеңестерімізге құлақ ассаңыз, өмірдің өзге қыры ашылады. Ең бастысы жақсы сөз жарым ырыс екенін ұмытпаған жөн. Бұл өмірде жақсы ойлаған озады. Жақсыға сену керек. Үмітсіз тек шайтан емес пе?!
Back to Top