«Күрескер бір. Жұлдызды Соғыстар хикаясы» - трейлер қазақша. (Звездные войны - трейлер казахша)

«Күрескер – бір: Жұлдызды Соғыстар. Хикаялар» - әйгілі ғаламдағы жекелеген кейіпкерлер мен оқиғаларға арналған ғарыштық әпсананың алғашқы жеке фильмі. Оқиғалар желісі III пен IV бөлімдер аралығында, Галактикалық империяның құрылуы кезінде өрбиді. Сюжет негізі - Империяның ғарыштық станциясы - Өлім Жұлдызының сызбаларын ұрлау үшін біріккен көтерілісшілер тобының хикаясы жайында. Осы миссияның орындалу орындалмауынан ақтық шайқастың нәтижелері анықталып қана қоймай, сонымен қатар бүкіл Галактиканың тағдыры шешіледі. Фильмнің премьерасы 15-ші желтоқсанға жоспарланған «Күрескер – бір: Жұлдызды Соғыстар. Хикаялар» - ағымдағы жылдың соңғы төртінші фильмі және 2011 жылдан бері қазақ тіліне дубляждалған он жетінші кинокартинасы болып табылады. Қаһармандарға өз дауыстарын сыйлаған актерлар қатарында: Олжас Жақыпбек, Шехназа Қызыханова, Дәурен Серғазин, Әли Марат, Сырым Қашқабаев, Мирас Жақыпов, Сағаділдә Үсіпбалиев, Асылбек Қапаев, Шах-Мұрат Ордабаев, Ләйлә Сұлтанқызы, Нұркен Өтеұлов, Ислам Зейнуллаев және т.б. Қазақ дубляжының режиссеры, ертеректе «Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы», «Кек алушылар: Альтрон дәуірі», «Галактика сақшылары» фильмдерінің дубляжына қатысқан, Тимур Балымбетов болды. «Күрескер бір. Жұлдызды Соғыстар. Хикаялар» 15 желтоқсаннан бастап, еліміздің кинотеатрларында! Жоба ұйымдастырушылары: «Болашақ» Корпоративтік қоры «Marwin» компаниясының қолдауымен. Дубляж демеушісі: «Алматинские краски» ЖШС.
Back to Top