ШҚО-да Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтті
Еңселі елорда мерекесі мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ауқымды шаралар Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында да өтті.
«Астана – елімнің жүрегі!» деп аталатын қойылымды тамашалау үшін жергілікті халық Орталық алаңға жиналды. Тұрғындар алдымен жас велошерушілердің керуеніне куә болды. Ал 6 шілдеде кәмелеттік жасқа толған 18 азаматқа жеке куәлік табысталды. 80 мыңнан астам халқы бар Аягөз ауданы тәуелсіздіктің ширек ғасыр мерейтойын толағай табыстармен қарсы алды. Ауданда бірнеше жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жас отбасыларға 50 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында 23 мектеп пен 8 емхана күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланған.
Пітәт Ахметжанов,
226 views
1944
732
2 years ago 00:01:52 1
ШҚО-да жоғалып кеткен ерекше бала табылды
8 years ago 00:00:43 226
ШҚО-да Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтті