Ауырғанда оқылатын дұға. Аллам өзі берген дертіне шипа берсін.

АДАМНЫҢ ӨЗ-ӨЗІНЕ ДЕМ САЛУЫ Науқасқа дем салудың келесі түрі – Құран аяттарын және шипа дұғаларын оқу барысында науқас ауырған жерге қолын қойып отырады немесе алақанымен уқалайды. Осман ибн аби әл-Ас бір күні Пайғамбарға (с.ғ.с.): «Я, Алланың Елшісі менің ауыруым қатты үдегені соншалық мен өліп кететін сияқтымын», – дегенде, Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Ауырған жеріңе қолыңды қой да жеті рет: Мені мазалаған жамандықтың кесірінен Алланың Құдыреті мен Күшіне сыйынамын, – деп айт»[14], – деген. Аъуза би-ъиззати-Лаһи уа қудратиһи мин шарри ма аджиду уа ухазиру!
Back to Top