Адамға деген сеніммен-Фариза Оңғарсынова

Адамға деген сеніммен-Фариза Оңғарсынова «Адамға деген сеніммен» әлеуметтік бейнероликтері қазақ ақындарының өнегелі өлең жолдарымен өрнектелген. Жылдар бойы халықтың жүрегінен орын тапқан бұл сөздерге қазақстандықтардың құлақ асқаны абзал. Бейнеролик бізді көп балалы анамен таныстырады. Ол өмір қиындықтарын еңсесін тік ұстап қабылдайды. Басты кейіпкер – Айнұр Сағидоллақызы 6 баланың анасы. Жас келіншектің көңіл-күйі Гүлжан Әліштің орындауындағы Фариза Оңғарсынованың «Жақсылық туралы жыр» деген өлеңімен беріледі. Бұл бір жағынан, биыл о дүниелік болған ақынға деген ерекше құрмет. Бейнеролик «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналып, жанұя институтын нығайтып, отбасылық құндылықтардың мәнін арттыруға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасымен ұштасып жатады.
Back to Top