Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Фатиха мен Аятәл күрсиді оқыған адамға сол күні жын мен шайтан зиян тигізе алмайды, көз тимейді.» (Дәйләми)
«Фатиха мен Аятәл курсиді оқыған адамға сол күні көз тимейді.» (Дәйләми)
«Қайыры ең көп болған сүре – Фатиха, барлық дертке дауа.» (Бәйһақи)
«Ең қасиетті сүре – Фатиха.» (Хаким)
«Фатиха сүресі Аллаһу та’аланың ашуының алдын алады.» (Шира)
«Фатиха сүресі уларға қарсы шипа.» (Әбушшәйх)
Бір сахаба Фатиха сүресін оқығанын айтқанында, пайғамбарымыз былай дейді:
«Ант етемін, Аллаһу та’ала Тауратта да, Інжілде де, Забурда да, Фурқанда да осы сүренің ұқсасын түсірмеген. Бұл сүре намаздарда қайталанып оқылатын жеті аят болып, маған берілген ұлы Құраннан.» (Тирмизи)
Сүйікті пайғамбарымыз Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отырғанында бір періште келіп айтады:
«Сенен бұрын ешбір пайғамбарға берілмеген, тек саған ғана берілген екі нұрменен сені сүйіншілеймін. Бұлар Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы аяттары. Осы екеуін оқитын болсаң, қалағаның міндетті түрде беріледі.» (Мүслим)
Бір тайпаның басшысын жылан шағып алады. Сахабалардан бірі Фатиха сүресін оқыған кезде, Аллаһу та’аланың рұқсатымен әлгі адамға шипа қонады. Тайпа басшысы оған 30 қойды сыйға тартады. Сахаба алуы жаиз не жаиз еместігін білмегені үшін сүйікті пайғамбарымыздан сұрайды. Расулуллаһ алейһиссалам: «Не оқыдың?» деп сұрайды. Ол Фатиха сүресін оқығанын айтқанда, оған былай дейді:
«Фатиханың шипа болатынын қалай білдің? Сол қойларды жаныңдағылармен бөліс және маған да бір бөлігін ажырат!» (Бұхари)
Дұға оқылуы білдірілген жерлерде Фатиха оқу жақсырақ болады. Фатиха сүресі дұғалардың ең жақсысын білдіру үшін түсті. Имам “әл-Фатиха” деген кезде әркімнің дауыссыз оқулары жақсы болады. Өйткені дұғалардың соңында хамд ету (мадақтау) мүстаһаб. Ал хамд етудің ең жақсысы – Фатиха оқу. (Бәриқа)
1 view
1609
418
4 months ago 00:14:03 1
СУРА 1: «АЛЬ-ФАТИХА» (ОТКРЫВАЮЩАЯ КНИГУ) /«ӘЛ-ФАТИХА» 1 СҮРЕСІ / SURAH 108 «AL-FATIHA». Muslim Club.
6 months ago 00:00:56 1
Фатиха сүресі
6 months ago 00:03:57 1
Құран бағыштау. Научиться посвящать Коран. Learn to dedicate the Quran. Марқұмдарға қ&