Алты жасар Әлидар үшін Қорғаныс министрлігі мәдени-тынығу бағдарламасын ұйымдастырды

Алты жасар Әлидар үшін Қорғаныс министрлігі мәдени-тынығу бағдарламасын ұйымдастырды. Жеткіншек Павлодар облысынан. Ол көпшілікке инстаграмм желісінде әскери қару-жараққа жетік екенімен танымал. Генерал болуды армандаған бала өзінің зеректігімен таңқалдырып, әскери саланы ішінен көруге мүмкіндік алды. Экскурсия алдымен Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінен басталды.
Back to Top