Ұшақ апатында жолаушылардың дені экипаждың біліктілігінің арқасында аман қалды

«Fokker» ұшағының борт командирі болған Марат Мұратбаев - Сырдан шыққан білікті ұшқыштың бірі. Ақтөбедегі жоғары әскери ұшқыштар училищесін тәмамдаған ол еңбек жолын 1982 жылы туған жерінен бастаған. Содан бері 20 мың сағаттан астам уақыт әуеде қалықтаған ұшқыш талай алып ұшақты басқарып, дүниенің төрт бұрышына сапар шекті. Әріптестері кешегі апатта сол экипаждың біліктілігінің арқасында жолаушылардың дені аман қалды деп есептейді.
Back to Top