Бүгін қаладағы бірқатар мектеп оқушылары үшін екі аптаға созылған ақылы негіздегі Жазғы мектеп аяқталды. Маусымның 11-де басталған қосымша оқыту курсына барлығы 12 бала қатысып “Ойлау дизайны“ бойынша білім алды. Оқушылар күрделі математикалық шешімдерді түрлі бұйымдарды жасау арқылы STEM қағидасына сәйкес білімін толықтырды. Жазғы мектепте оқушылар жасанды қол протезі, суда жүзетін кемелерді жасап оларды сынады. Негізгі курстан соң оқушыларға актер шеберлігі, вокал, өнер, мектеп телестудиясы мен спорттық секциялар жұмыс істеді. Жобаның салтанатты жабылу рәсімінде Жазғы мектепке қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар табысталды.