Тараздық ардагерлерді ерекше құттықтады

Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кең көлемде аталып өтілуде. Өңірде айтулы мерекеге орай Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау шараларын ұйымдастыру туралы алдын-ала жоспар жасалған. Мәселен, облыс еріктілері Жеңіс әнінің сүйемелдеуімен автокран арқылы 98 жастағы М.Бердібаев пен 94 жастағы М.Ережепбаевтың балкондарына дейін көтеріліп, оларға гүл шоқтарын сыйлады. Жастар соғыс ардагерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін алғыстарын білдірсе, қарт майдангерлер өз кезегінде тағылымды батасын берді. Айта
Back to Top