“Әкемнің өлеңін Абай ескерткішінің жанында оқып тұрмын“

27 жастағы Айдана Айдархан әдеби акция кезінде әкесінің суреті бейнеленген #freearonatabek #shanyraqbostandyq деген жазуы бар плакат ұстаып шығып, осы іс бойынша сотталғандардың барлығын ақтап, босатуды талап еткен. Ол соңғы рет әкесін 13 жыл бұрын сот залынан көргенін, әкесінің 2006 жылы сот үкіміне наразылық ретінде денесін ұстараның жүзімен тілгенін айтты. Әкесімен арадағы хаттардың баяу (екі ай мен бір жыл аралығында) жүретінін айтқан Айдана Айдархан оның үйіне хабарласу құқығына ие болғанымен, оның тапталып отырғанын да жеткізді. Оның айтуынша, әкесінің мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш беретін уақыты келген. Бірақ өтініш бермеген, себебі ол өзін кінәлімін деп санамайды. “Оның отбасы да бұл шешімін құптайды, себебі ол түрмеде жазықтан-жазықсыз отыр“ деді Айдана Айдархан.
Back to Top