Ержан Қажы Малғажыұлы: Имам тек қана діни ілімімен ғана шектелмеу керек. Ол зайырлы ілімдерді де меңгерген болуы керек.

Астанада діни мамандар дайындау орталығы ашылды. Жаңа нысан жұмысын бастап та кеткен. Қазіргі уақытта онда өңірлерден келген 60 имам дәріс тыңдап жатыр. Игі іс «ХХІ хасырдың үздік имамы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Ержан Қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: - Имам тек қана діни ілімімен ғана шектелмеу керек. Ол зайырлы ілімдерді де меңгерген болуы керек. Осы мақсатта бүгінгі орталықта тек Құран менен хадистен сабақ берілмейді, дәріс оқылмайды. Бұл жерде үлкен профессорлар келіп, шешендік өнер, психология, тағы да басқа зайырлы ілімдерден дәріс жүргізетін болады. Қазақстан тарихы, шетел тарихы, діндер тарихы бар.
Back to Top