Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау полиция бөлімшесінің құрылғанына 25 жыл

Осы күнге орай Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров қызметте ерекше көзге түскен инспекторларды марапаттады. «Бұл бөлімше қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі – әйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдерге қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесу. Полиция қызметінің бұл саласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазалар қатайтылып, оны анықтаудың нысандары мен әдістері жетілдірілді. Сонымен қатар, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ішкі істер органы жүйесінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мамандандырылған қызмет құрылады. Алматыда қосымша штат бөлініп, бөлімшенің материалдық-техникалық жарақтандырылуы қамтамасыз етілді», - деді, Арыстанғани Заппаров. Сондай-ақ спикер, әріптестерін атаулы мерекелерімен құттықтап, қызметтік борышын жанқиярлықпен және абыроймен атқаруға шақырды. «Біз өскелең ұрпаққа қоғамдағы және отбасындағы мінез-құлықтың дұрыс үлгісін көрсетуге міндеттіміз. Ендеше, жастарды тәрбиелеуде қандай үлгі-өнеге басым болатынын біздің жұмысымыздың сапасы анықтайды», - деді, Алматы қаласының бас полицейі. ————————————————————————— Подразделению полиции по защите женщин от бытового насилия 25 лет В честь этой даты начальник Департамента полиции города Алматы, генерал-майор полиции Арыстангани Заппаров наградил профильных инспекторов, отличившихся на службе. «Одна из главных задач сотрудников этого подразделения – защита конституционных прав и свобод женщин, профилактика бытового насилия, пресечение противоправных действий в отношении женщин. Это направление деятельности полиции находится на особом контроле Главы государства Касым-Жомарта Токаева. Ужесточено наказание за насилие в семье, совершенствованы формы и методы его выявления. Кроме того, по поручению Президента РК в системе ОВД будут создана специализированная служба по противодействию бытового насилия. В Алматы уже предусмотрен дополнительный штат, обеспечена материально-техническая оснащенность подразделения», - констатировал Арыстангани Заппаров. Спикер также поздравил коллег с профильным праздником и призвал их достойно, самоотверженно и с честью выполнять свой служебный долг. «Мы обязаны показать подрастающему поколению правильную модель поведения в обществе и в семье. Поэтому от качества нашей работы будет завесить, какой пример будет преобладать в воспитании молодежи», - резюмировал главный полицейский Алматы.
Back to Top