2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға кепілсіз несие берілмейді. Бұл турасында апта басы Үкіметте өткен жиында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеген еді. Бас банкирдің айтуынша қазір заңнамаға тиісті өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылып жатыр екен.
Яғни бұған дейін табысы 29 мыңнан төмен тұлғалар банктен кедергісіз кредит алып жүрген болса, енді ондай мүмкіндіктен қағылады. Себебі, ұлттық банктегілердің пайымынша кепілсіз несиені алушылар көп, ал қайтарушылар аз. Кредиттің портфелі болса жыл сайын милиардтап өсіп жатыр.
Миллиард демекші осынау қыруар қарыздың бір парасы банктерде емес, онлайны бар, басқасы бар шағын несие ұйымдарына тиесілі. Айтпақшы құрығы ұзын мемлекеттің осыларға келгенде қолы қысқарып қалатынын жұрт айтып жүр. Енді, аталған өзгеріс микрокредиттік ұйымдарға қалай ықпал етеді? Қараша халықтың қалтасы қағыла бере ме, әлде жөн жосықсыз кредиттің құрсауынан құтылар күн туа ма?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан