Биыл “Ұлтым неміс болса да жүрегім қазақ“ деген теріскейлік қайраткер Герольд Бельгердің туғанына - 85 жыл. Гера аға - тау тұлға. Қазақ әдебиеті мен ұлы даладағы ұлтаралық татулықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан жан. Өкінішке қарай, еліміз біртуар жазушысынан 2015-тің ақпанында айрылып қалды. Алайда, Бельгер артынан өшпес мұра қалдырды. Жерлесіміздің мерейтойы қарсаңында бүгін Петропавлда дөңгелек үстел мен ғылыми конференция өтті. Бұл іс-шараларға әріптесім Саят Ермек те қатысты.