83 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

Алматыда 83 жастарғы қарт коронавирустан жазылып шықты. Қария 2 шілде күні жағдайы ауырлап жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліпті. Туыстарының айтуынша алдымен жөтел пайда болып, артынша тынысы тарылып, алқына бастаған. Дәрігерлер коронавирустан қарияның екі өкпесі бірдей қабынғанын жеткізді. Соның салдарынан өкпесіне ауа жетпей қалыпты. Қарт кісінің жағдайы өте ауыр әрі өзге созылмалы аурулары болғандықтан дәрігерлер өмірін сақтап қала аламыз ба деп қауіптенгендерін жасырмайды. Бірден жасанды тыныс алдыру апаратына қосып, он күннен астам уақыт жүргізілген ем нәтижесін беріп, қауіпті індеттен құлан таза айыққан. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top