Қадір түні қандай түн? Бұл түнде не істеу керек? Нұрлан ұстаз
Қадір түні басқа түндерден орны ерекше. Өзге түндерде жасалған ғибадаттар оған жете алмайды. Сондықтан атына заты сай «Қадір түні» деп аталған.
Бұл түнде жаратылыстардың тағдыры белгіленіп, келесі қадір түніне дейінгі болатын (адамдардың рызық несібелері, өмір өлшемдері секілді) маңызды оқиғалар Алла Тағала тарапынан періштелеріне аян болады.
Рамазан айы келгенде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ораза айы келді, онда мың айдан қайырлы қадір түні бар. Кімде-кім сол түннің сауабынан құр қалса, барша жақсылықтан мақұрым қалмақ. Мақұрым адам ғана оның сауабынан құр қалады», – деп жақсылыққа ұмтылуға шақырған.
Құлшылық етіп сауапқа кенелуге ең ұтымды уақыт – қадір түні. Ал, ең қорқынышты түн – адамның қабірде болатын түні. Қадір түнін құлшылықпен өткізу қабірдің жап-жарық болып нұрлануына жол ашады.
1 view
323
112
9 months ago 01:42:01 1
1000 АЙДАН ДА ҚАЙЫРЛЫ ҚАДІР ТҮНІ (LIVE)
9 months ago 00:49:57 1
қадір түні осы дұғаны міндетті түрде жасаңыз!
9 months ago 00:08:03 2
ҚАДІР ТҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? | ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК ПА? | ҰСТАЗ АЙДЫН ТАРАЗИ