#MenQazaqpyn халықаралық жобасының аймақтық іріктеуі өтті

Қарағанды қаласының Кеншілер сарайында #MenQazaqpyn халықаралық жобасының аймақтық іріктеуі өтті. Шараға облыс әкімі Ерлан Қошан және «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин қатысты. Қатысушылардың өнерін Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы Дулат Аханов, Тәттімбет атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің күйшісі Балқан Смағұлов, «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-термешілер мектебінің жетекшісі Айтбай Жұмағұлов бағалады. Өңірден оза шыққан жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Back to Top