“Красавицаға“ үйленгім келеді | Күлкілі оқиға :))

Қазіргі кезде жасы келген ер мен қыздың тұрмыс құрмауы өзекті тақырыптардың біріне айналды. Жастары отыздан асып, қырыққа тақаған, отау құрмаған азаматтар мен азаматшалар көбейіп барады. “Неге тұрмыс құрмадың?“ десең, қай-қайсысы да “маған лайық адам жоқ, ойымдағыдайын кездестірмедім“ дейді. Отбасы құрар кезде әрбір адам болашақ жарының бойынан көргісі келетін қадір-қасиет, мінез-құлқы болуы орынды. Осы орайда Алла Елшісі (ﷺ) үйленуге қатысты хадисі есіме түсіп отыр. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Әдетте әйелге төрт қасиетінің бірі үшін үйленеді. Олар: байлығы, тектілігі, сұлулығы және діні. Діндарын, имандысын таңда, әйтпесе құтың қашып, қадірің кетеді» дегені жеткізіледі. Үйленгісі келетін көрермендеріміздің назарына шейхтың күлдіре отырып жеткізген маңызды насихатын ұсынамыз ❤️
Back to Top