Ауғанстандағы «Қазақ» көшесіне өрт қойылды!

«Қазақ екенін дәлелдесін». Сыртқы істер министрлігінің күні кеше берген сұхбатында айтылған осы талап - ауғандық бірқатар азаматтардың бетін қайтарып тастағандай. Біздің редакцияға бірнеше күннен бері өздерін «ауған жеріндегі қазақтармыз деп таныстырып, «көмектесіңіздерші» деп өтініп жүрген азаматтар бүгін түрлі себеппен берген сұхбаттары мен бейнежазбаларын жария етуден бас тартуда. Олар, бұл әрекетін «Талибандар атып кетеді, басымызды қауіпке тіккіміз келмейді» деп түсіндірді. Айта кету керек, кеше кешкісін сыртқы істер министрлігі, Кабулдағы Қазақстан елшілігіне өздерін қазақпыз деп таныстырып, бірақ қазақша сөйлей алмайтын азаматтардың хабарласуы жиілеп кеткенін мәлімдеген болатын. Ал, Қазақстанға бірнеше жыл бұрын көшіп келген ауған қазақтары, туыстары тиіспесін деп, талибандардың тамағын жасап отырғанын айтып, сұхбат берді. Біздің көзімізше Ауғанстанның Құндыз қаласы маңындағы Асқалан ауылындағы ағайындарының жағдайын сұрасты. Ар жақтағылар, «қыздарын үйіне жасырып, ер адамы себепсіз көшеге шықпайтынын,
Back to Top