Ата-ана үшін кешірім сұрау дұғасы!Ата-ананы Жұмақтық етуге көмектесетін дұғаАта-анаға жасалатын дұға

Ислам – мейірім мен қайырымдылық діні, және де біздің ең алдымен ерекше құрмет көрсетуіміз тиіс адамдар – Алланың қалауымен бізді дүниеге әкелген жандар. Жаратушы Иеміз ата-анаға қатысты ең көркем мінез танытуымызды және ең ізгі амалдарымызды жасауға шақырады. Құранда айтылады: «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”, - де» (Құран Кәрим, 17:24). Бірде Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сұрады: «Аллаға ең ұнамды іс қандай?». Ол айтты: «Уақытылы оқылған намаз». «Ал одан кейінгісі қандай?» дегенде, «Ата-анаға бағыну және оларға жақсылық жасауға ұмтылу» - деп жауап береді де, содан кейін ғазауат – яғни, ислам жолындағы күрес тұратындығын айтқан.
Back to Top