БІЛӘЛ ХАБАШИ (р.а.) КӨРГЕН АЗАБЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? НҰРСҰЛТАН РЫСМАҒАНБЕТҰЛЫ
Біләлдің ыстық құмда арқасы оттай жанып, кеудесі аптапқа шыжғырылып, демі тарылса да, “Аллау ахад! Аллау Ахад!” (Алла бір) деумен болды. Мүшріктер неше күн бойы сол жазаны қолданды. Күндіз шақырайған күнге қақтаса, кешқұрым мойнына жіп байлап, бала-шағаға итше жетектетіп, Меккенің көше-көше, төбе-төбесін аралатқызатын. Азаптың қыл арқанын Біләлдің қылбырауына салған сайын, оның иманы да арта түсті. Қаншама қорқытып, жекіріп, ұрып-соққандарына қарамастан, бәрібір “Ахад! Ахад!” деумен болды. Азаптың ауырлығына жүректері шыдамаған мүшріктер тәңірлерін бір ауыз сөзбен-ақ мақтап берсе, оны азат етуге көнді. Олар үшін бір сөздің өзі тәңірлерінің ұлықтығын қорғауға жетерлік еді. Құрайыштар құлдарының табан тіреп қасарысуын тоқтата алмай масқара болғандарын мойындағылары келмеді. Алайда Біләл шын жүректі бір жүрек деп білгендіктен, әрі иманын, әрі жанын сақтап қалу үшін .
1 view
1925
574
1 year ago 00:12:33 1
БІЛӘЛ ХАБАШИ (р.а.) КӨРГЕН АЗАБЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? НҰРСҰЛТАН РЫСМАҒАНБЕТҰЛЫ