Ақсарбас (толық нұсқа)

Фильм шекара сыртындағы қандастарымыздың қатысуымен түсірілген қытайлық режиссердің фильмі. Фильмге арнайы шақыртумен қазақстандық белгілі ойыншы Нұрлан Әлімжанов қатысқан. Фильм желісі көрерменді сонау 20 ғасырдағы көшпелі қазақ ауылдарына әкеледі. Жаз жайлау, қыс қыстауға көшкен қарапайым көшпелі қазақтардың өмір- тынысы кеңінен баяндалған. Қазақ халқының атам заманнан келе жатқан серілік дәстүрі, қыз алып, қыз беру дәстүрі, Қазақ қазақ болғалы бізге Шопан атаның мұрасы болып қалған қой мен төрт түлікке деген ерекше қамқорлық, мал бағудағы Қазаққа ғана тән ерекшеліктері өте әсем түрде бейнеленген. Ана мен бала арасындағы махаббат, әйел затының өз құндылықтарына, отбасы алдындағы борышына қарамастан, еркіндікке ұмтылуы. Қаншама кедергіге қарамастан, араға жылдар салса да жалғасқан, еш бітпеген махаббат хикаясы.
Back to Top