Біздің парақша:
Instagram:
Бала денесінің қауіпсіздігін сақтайтын 9 ереже
Балаға өз өміріңіз жайында жиі айтыңыз. Оның жеке өміріне қызығушылық білдіріңіз. Кез-келген оқиғамен сізбен бөлісе алатынын білсін. Егер балаңыз сізге өз қиындықтары жайында айтар болса, болмашы нәрсе болса да назар аударыңыз, қолдау білдіріңіз.
1.Іш киім ережесі.
Іш киім жасыратын дене мүшелеріне ешкім қол тигізуге құқы жоқ екенін түсіндіріңіз. Тек бала денсаулығын/гигиена сақтау мақсатында ата-ана немесе дәрігер тексеру жүргізе алады. Әрі оны жасырып қалуға болмайды.
2.Жеке кеңістік/шекара
Баланың қалауынсыз оны күштеп сүюге, құшақтауға, қытықтауға болмайды. Физикалық зардап келтіретін жаза түрлері де бала құқығын аяққа таптау болып саналады.
3.«Жоқ!» деп айту құқығы.
Балаға ұнамсыз заттар мен әрекеттерге наразылығын білдіруге рұқсат етіңіз. Өзіңізге де ұнамсыз әрекеттерге «Жоқ» деп айта біліңіз. Күдік тудыратын жағдайларда бас тартып, қауіпті орыннан неғұрлым тезірек кетуді, ересектерге дереу арада жеткізуді үйретіңіз.
4.Дене мүшелері
Балаңызбен бірге дене мүшелерін атауын үйретіңіз (жыныс мүшелерін қоса алғанда). Жыныстық тәрбие беріп, дене мүшелерінің қауіпсіздігі жайында ашық айта біліңіз. Баладан ештеңе жасырып қалуға тырыспаңыз.
5.Жаман құпиялар
Ойға алған кезде жүрегіңіз дүрсілдеп, бойыңызды үрей билейтін құпиялар жайында ата-анамен бөлісу керектігін балаңызға түсіндіріңіз. Сізге айтқан жағдайда жазаланбайтынын, керісінше, қолдауға ие болатынын дәлелдеңіз.
6.Қауіпсіз жанасулар
Кей кезде ересектер тарапынан қауіпсіз, ауыртусыз жанасулар болатынын ескертіңіз. Мысалы, амандасқанда қол ұстау, құшақтау. Алайда, кім болсада мамасы жоқ кезде, денесің ұстап, жыныстық мүшелеріңе тиген жағдайда сізбен бөлісуге болатынын айтыңыз. Ересек адамның жыныс мүшелерің көрсетіп/ұстатуы дұрыс жаман іс екенің айтыңыз.
7.Көмек сұрау- қалыпты жағдай
Балаңызға кез-келген түсініксіз жағдайда ересектердің көмегіне жүгіне алатынын түсіндіріңіз. Бірге отырып балаңыздың сізге сенгендей сенім арта алатын 3 ересек адамды таңдаңыз. Сіз жанында болмаған жағдайда сол жандардан көмек сұрай алатынын айтыңыз.
8.Сыйластық
Өзін-өзі қорғаудың басты маңызды факторларының бірі- өз құқығын білу, өзіне деген сенім. Ал бұған көп жағдайда ата-ананың әсері зор. Баланызға тұлға ретінде құрметтеніз.
9.Ата-ананың назары
Жұмыс бастылығыңызға қарамастан сәбиіңіз үшін үнемі қамқор, қай уақытта да тыңдауға дайын, көмекке әзер ата-ана болыңыз. Балаңыз соны сезіну керек.
Осы ережелерді орындай отырып, сіз өз балаңызды сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінен қорғап қана қоймай, отбасыңыздағы силастық, сенім мен сүйіспеншілікті сақтай аласыз. Сондай-ақ, өз құқықтарын білетін, өзгенің де жеке кеңістігіне қол сұқпайтын азамат тәрбиелейсіз
322 views
1041
301
2 months ago 00:01:16 1
Никах Казахстан - Жомарт
4 months ago 00:49:51 1
Тренинг. “Мамандық таңдау және болашақ“
5 months ago 02:09:49 1
Декоративный казах: SAMRATTAMA на Зamandas
8 months ago 01:04:29 1
Подкаст «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ»
9 months ago 00:03:10 5
6. Ұланғасыр Қами - Алла
9 months ago 01:00:21 2
НЗМ-ға тегін дайындық. АҒЫЛШЫН ТІЛІ
10 months ago 01:38:46 1
ДҰҒАМЕН МҮМКІН ЕМЕС НӘРСЕ ЖОҚ •ТЕҢДЕССІЗ ДҰҒА 3-Малика Айтжанқызы|Камшат Бекжигитова|Марзия Бекайдар
11 months ago 00:45:15 5
ҰБТ-ға дайындық. Мұхтар Мағауин. Шақан-Шері романы.
1 year ago 00:21:46 1
Өнер Қырандары - Көпір (Суицид) 2019 🔥🔥🔥
1 year ago 00:52:47 1
BILIM TALQY. Баланың логикасын қалай дамытуға болады?
1 year ago 00:50:36 1
Аятжан Ахметжанұлы. ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің жеті қадамы! #ұбт
1 year ago 00:48:33 1
Тренинг. Назарбаев зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?
1 year ago 01:00:55 1
Тренинг. Назарбаев университетіне қалай түсуге болады?
1 year ago 00:22:42 1
Тренинг. IELTS-КЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛҒАН ДҰРЫС?
1 year ago 00:21:06 1
Тренинг. БИЛ-ҒА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?
1 year ago 00:29:47 1
Podcast #6 ДІН МЕН ДӘСТҮР | Сансызбай Құрбанұлы | Разақов Нұрмұхамед | Шадман Мұхаммед Исмайл |
1 year ago 05:20:55 12
ТАҚИЯСЫЗ ПЕРІШТЕ | 1-маусым | БҮКІЛ СЕРИЯСЫ | ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
2 years ago 00:55:12 6
BILIM TALQY. Грантқа қалай түсуге болады? Мамандық және университет таңдау.
2 years ago 01:04:38 34
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ: ҰБТ-2023 кездесетін 100 тарихи датаны талдау