Шора батыр жыры

Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр. Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы нұсқасы. «Шора батыр» — қыпшақ тілдік тобындағы түркі халықтарына ортақ, ноғайлы циклына жататын жыр. Өзге ноғайлы жырларының көбінен оның таралу аймағы ауқымдырақ. Ол сонау Румыния, Түркия жерінен бастап, Қырғыз Алатауына дейінгі ұлан-ғайыр аумаққа тараған. Жырдың барынша кең таралу себебі оған негіз болған тарихи оқиғалардың, яғни Қазан хандығы үшін болған күрестердің бүкіл түркі халықтардың тағдырын шешерліктей дүниежүзілік маңыздылығында жатыр. Эпостың барлық ұлттық варианттарында Шораның руы — тама деп айтылады. Қазақ тамаларының шежіресі Нәрік пен Шорадан басталатынын қоссақ, тарихи Шораның тама руынан шыққаны күмән туғызбайды. Алайда шығарманы таратуға тек тама руы ғана емес, XV-XVІ ғасырларда Қырым, Қазан хандығы, Ноғай Ордасы құрамында болған барлық ру-тайпалар қатысқан. #казахи #шора #чюра #эпос #жыр #тама #қырымныңқырықбатыры #сорокбатыровкрыма
Back to Top