Атыраулық әйел пәтерінде психотроптық дәрілердің 1 мыңға жуық данасын сақтаған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 48 жастағы әйел пәтерінде психотроптық дәрілердің 1 мыңға жуық данасын сақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, кеше, 28 наурызда пәтерінде психотропты дәрілердің ірі партиясын заңсыз сақтаған әйел ұсталған.
Back to Top