ЛРТ-ні аяқтауға 1.5 млрд доллар жетпей жатыр

ЛРТ жобасын аяқтауға 1,5 млрд доллар жетпей жатыр. Мемлекет басшысының сынынан соң, жеңіл рельсті көлікке жауаптылар енді жаңа цифрды ұсынып отыр. Олар о баста жерүсті метросына деп бекітілген 2 млрд-қа жуық доллар артығымен есептелген дейді. Ал, жергілікті әкімдік елордадағы әуежай мен жаңа вокзал арасындағы жолаушылар легін 2 мыңнан 146 мыңға жеткізуді көздеп отыр. Сарапшылар болса, халық саны 1 млн-нан әзер асатын қалаға қыруар қаржыға салынған метроның қажеті шамалы деген пікірде. Басталмай жатып, құрылысы тоқтап қалған ЛРТ-нің келешегі қалай болмақ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top