Қазір Исламның формасы бар, мазмұны жоқ | Кеңшілік Тышқанұлы
✅ ФАТАЛИЗМ ДЕГЕН НЕ?
Философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы, ЕҰУ-нің дінтану кафедрасының доценті Кеңшілік Тышқанұлының тұщымды ойларын ұнатамын. Кеңшілік аға сұхбаттарында фатализм терминін жиі қайталайды. Оның мәнін біреу білсе, біреу білмес.
Фатализм (латынша fatalіs – қашып құтылмайтын) – әрбір оқиғаны және адамның әрбір әрекетін о баста бекітілген деп білетін, қалау еркі мен кездейсоқтықты жоққа шығаратын дүниетанымдық тұжырымдама.
Мысалы көптеген мұсылмандар үмметтің ғылымнан артта қалуы, экономикалық кедей болуы, саяси тұрақсыздығы, халықтың сауатсыздығы, әл-ауқаттың төмендігі секілді проблемалар - сыртқы күштердің қастандығы һәм Құдаймен арадағы дұрыс емес қарым-қатынас себебінен туындайды дейді. Бұл себеп емес, салдар һәм сылтау.
Мұның аражігін айырып, мұндай көзқарас шындыққа жанаспайтынын көрсетсең, “Басыңды қатырма, бұл өмір сынақ, Алла осылай болуын маңдайға жазған“ деген фаталисттік көзқараспен фаталити жасап шалқаңнан құлатады. Бұл Аллаға жабылған жала деп айтар едім.
Ниса сүресі, 79 – аят: «Саған нендей бір жақсылық келсе, ол – Алладан. Ал бір жамандық келсе, ол – өзіңнен». Шура сүресі, 30 – аят: «Бастарыңа келген бір ауыртпашылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады».
Бірінші сылтауға қарсы аргумент - жалпы мұсылман әлемі 633 жылы Араб халифатынан бастап 1800 жылы Осман халифаты аралығында 1000 жылдан астам әлемге үстемдік жүргізген. 19 ғасырдан бастап біртіндеп әлсіреп, бүгінгі ахуалға жетті. Осы аралықта ғылымды дамытуға қандай кедергілер болды? Керісінше кері тарту болған (бұған әлі ораламын).
Екінші сылтауға қарсы аргумент – Еуропа құдаймен арадағы дұрыс қарым-қатынас орнатқаннан кейін дүниежүзіне үстемдік етті ме? Кезінде бір беделді ел ағасы “БАӘ таухидты ұстанғаны үшін, Алла мұнайды шығарды, байлықты берді. Солар секілді бай болу үшін таухидты ұстану қажет“ дегені бар. Ал Швейцария, Люксембург, Норвегия секілді бай ел болу үшін не істеу керек сонда?
Үмметтің бүгінгі ахуалға жетуі - көбелек әсерінен туындаған себеп-салдарлы проблемалардың нәтижесі. Ешкімге жасырын емес, Еуропа ғылыми-технологиялық өндірістің арқасында әскери-экономикалық үстемдікке жетті. Ал мұсылман әлемі содан артта қалғаны үшін отарланды.
Құдаймен арадағы байланыс демекші - Кеңшілік ағаның бір мысалына ұқсас мысал келтірейін. 30 жыл бойы мешітке байланып намазын үзбей, оразасын ұстап тақуалықтың шыңына шыққан адамды, 30 жыл бойы жауынгерлік қабілетін шыңдап, өз ісінің шеберіне айналған адаммен шайқасқа шығарсақ кім жеңеді?
Осы жағдайда жеңілген тарап айыпты өзінен іздеуі керек пе әлде оның жеңілгеніне сыртқы күштерді жазғыруы қажет пе? Я болмаса Алла оның маңдайына жеңілуді жазып қойған ба? Нәзік мәселе осы жерден басталады. Бұл сөзімнен “мешітке барма, намаз оқыма“ деген тұжырым жасап алмаңыз. Екеуінің арасында тепе-теңдік орнатып, орта жолды ұстану ләзім.
Әзірге айтарым осы. Сөзімді Мұхитдин Исаұлының “Жақсыға сөз айтсаң, түсінбесе сөз сырының мәнін іздейді, жаманға сөз айтсаң, түсінсе де сөз түбінен шірігін іздейді“ деген сөзімен аяқтағым келеді. Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады.
#КеңшілікТышқанұлы #НМЖҒАҚ #Ғылым
1 view
1403
425
2 years ago 00:07:15 1
Қазір Исламның формасы бар, мазмұны жоқ | Кеңшілік Тышқанұлы