Мазалайды бізді анық,
Амалсыздық, күрсіну.
Екеумізге қызғанып,
Қарап тұрды бір сұлу,
Қарап тұрды бір сұлу.
Түсінгенмен не етемін,
Еркінсуге болмайды.
Құйып-құйып кетемін,
Көздеріңе мол қайғы,
Көздеріңе мол қайғы.
Екеумізді қоспайтын,
Жатыр алда жол бөлек.
Жанарыңда жас, қайғы,
Ай барады дөңгелеп,
Ай барады дөңгелеп.