42 500-ді заңсыз алғандар жауапқа тартыла ма?

42500 теңге алдыңыздар ма? Заңсыз алсаңыздар қайтарыңыздар. Әйтпесе Алаяқтық бабымен жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Әлеуметтік желіде 2 млн 800 мың теңгедей айыппұл немесе 2 жыл түрме жазасы қарастырылған деген ақпарат тарап, жұрт дүрлігіп жатыр. Былай қарасаң, дұрыс шара деушілер де табылды. Себебі бюджеттің ақшасы шын мұқтаждарға ғана берілуі керек, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеуі шарт. Түрлі себептермен 42 мыңды алуын алып ап, енді ерікті түрде қайтарып жатқан жұрттың қарасы қалың. Еңбек министрі атап өткендей ерікті түрде қайтарғандарға уәж болмайды, ал табысын жасырып, заңсыз жолмен алғандарға жауапкершілік бар. Алайда тұрақты табысы жоқ, шырылдап жүрген шын мұқтаждардың осы төлемге зар боп жүргенін жасыру ешкімге абырой әкелмейді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top