Бөлексаз ауылдық кітапханасы

Бөлексаз ауылдық кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында поэзия жанры бойынша Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітап» өлеңдер жинағын оқуға ұсынады. Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, журналист Ұлықбек Есдәулет Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. «Қанат қақты», «Ақ керуен», «Жаратылыс» және т.б. кітаптарының, 5 томдық шығармалар жинағының, «Семей Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы. «Киіз кітабы» ел мен жер, заман мен қоғам, табиғат пен махаббат туралы лирикалық, әлеуметтік-философиялық жыр-толғамдарға толы. Ақын ақиқаттың обалын көтермеу үшін өзі тапқан ақиқатпен қоса, өзін сандалтқан күдік-күмәнді де ортаға салады. Сөйтіп, бүгінгі бәріміз бастан кешіріп жүрген ішкі рухани сенделісті қаз қалпында көз алдымызға қайта тосады. Бұл кітапты оқып отырып талай тауқыметіміздің басын шалса да, кеудеңе үміт гүлін егіп, жі
Back to Top