Көлік ұрлығы көбейді

Қызметтік қымбат көліктер қысқарып жатса, ол да бір түйткілдің түйінін тарқатуға жарар, бірақ осы көліктің төңірегінде дәл қазір үлкен проблема бар. Жарасы асқынып жарылуға шақ тұрған жайға келер болсақ ол автобарымта. Ккөлікті ұрлап қыр асыру, оның шанағы мен қозғалтқышындағы ВИН Код деп аталатын таңбасын ауыстырып, сатып жіберіп жатыр. Бұл арамтамақ қаскөйлерді көлденең табысқа кенелтіп жатқан жүйелі мәселе. Мәселе жүйелі болатын болса оған жауапты органдардың да ішінара қатысы болуы мүмкін. Бұл әсіресе көрші елден келетін темір тұлпарларға қатысты. Осы аптадағы мәжіліс отырысында спикер Нұрлан Нығматуллин осылай деді. Жалпы 2021 жыл цитаталар жылы болатын шығар. Көлікті жүйелі түрде ұрлап қыр асыратын қаскөйлердің терісін тірілей сыпыру керек деп соқты мәжіліс төрағасы. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top