Қазақта «жиғаның тойда шашылсын», «қуанышты бөліссең көбейеді» деп жатады. Бірақ, пандемия басталып, көп нәрселерге тыйым салынғалы жұртшылықтың пікірі қақ айырылды. Бірі, той қазақтың салт-дәстүрі, қоғам онсыз болмайды десе, екіншісі аста-төк шараға кететін қаржыны пайдалы іске жұмсағанды құп көреді. Шын мәнінде, тойды қазіргі заман талабына сай қалай оңтайландыруға болады? Қиын-қыстау кезеңде шаш етектен шығынға батып, дүркіретіп кеш өткізу қаншалықты дұрыс?
#1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан