Жүк көлігін қобыз үнімен тоқтатқан белсенді. Талдыкөлді сақтап қалуды жақтағандар арт-перформанс өткізді

7 қыркүйекте астаналық суретші Асхат Ахмедияров пен оның әріптесі Әйгерім Оспан Кіші Талдыкөл аумағында арт-перформанс өткізді. Үстіне шаман киімін киген Асхат Ахмедияров ондаған белсендімен бірге көлге топырақ төкпек болған жүк көліктерін тоқтатты. Ал суретші Әйгерім Оспан көліктердің алдына отырып, қобызбен күй тартты.
Back to Top