ШҚО-дағы Дөненбай ауылының тұрғындары ауызсуға жарымай отыр.
ШҚО-ДАҒЫ ДӨНЕНБАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АУЫЗСУҒА ЖАРЫМАЙ ОТЫР
Шығыс Қазақстандағы Аякөз ауданына қарасты Дөненбай ауылында халық ауызсудан таршылық көріп отыр. Елді мекендегі 200 шаңырақ тіршілік нәрін құдықтан тасып ішеді. Осыдан 10 жыл бұрын ауылға су келеді дегенде мұндағы ел қатты қуанған еді. Алайда, таза су тұрмақ, әлі күнге дейін оның жобалық-сметалық құжаттары да дайын емес көрінеді. Тіршілік нәріне тарыққан ауылдың бүгінгі ахуалы жайлы тілшіміз баяндайды. - Жасы 70-тен асқан Естай Саматов осы жердің тумасы. Жастайынан еңбекке араласып, енді зейнетін көремін дегенде ауызсудан тарығамын деп тіптен ойламаған. Қазір ауылдағы ағайын тіршілік нәрін 4 құдық пен жалғыз бастаудан тасып ішіп отыр. Қоршау болмағаннан кейін мал да осында жиналады. «Қосымша құдық қазғанмен, ащы су ішуге жарамайды», - дейді тұрғындар. Естай Саматов, Дөненбай ауылының тұрғыны: - Енді осыған кім мән береді? Кім көңіл бөледі? Айтамыз, айтамыз қалады. Қыстың күні мүлдем су ала алмаймыз. Өйткені, қар басады. Кейде ашылады, кейде ашылмай
276 views
1204
299
7 years ago 00:02:10 401
ШҚО-дағы Дөненбай ауылының тұрғындары ауызсуға жарымай отыр.