Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан. Қарлаг Басқармасы Долинка ауылында орналасып, ол үшін тұтқындардың еңбегі пайдаланылып, бағаналары бар екі қабатты әкімшілік ғимарат салынады. Лагерь таратылғаннан кейін ғимарат әр түрлі мақсаттарда пайдаланылған.
Қарағанды еңбекпен түзету лагері (қысқартылғанда – Қарлаг) 1931 жылы құрылды. Ол КСРО-дағы ең ірі лагерьлердің бірі болды. Оның территориясы бірнеше жүз шақырымға созылды. Карлагта аты әлемге әйгілі қоғам және мәдениет қайрат