Атырау облысында жергілікті полиция қызметінің басшысы шенеунікке «жалпақ шешейлік» танытамын деп басы дауға қалды.
Шенеунікке болысам деп, шенінен айрылмақ. Махамбет аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Нұрлыбек Досқайыров аудандық әкімдік басшыларына жалпақшешейлік танытамын деп, қарамағындағы қызметкерлерін боқтап, олар толтырған хаттаманы жыртып тастапты.
Тәртіп сақшылары аудандық әкімдікке тиесілі мемлекеттік нөмірсіз жүрген трактордың жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырмақ болған. Бірақ жүргізуші өзінің тікелей бастығы – Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мәлік Амановқа телефон соқса керек. Оқиға болған жерге жедел жеткен шенеунік мәселені өзі шешпек болған. Бірақ полицейлер көнбеген соң жергілікті полиция қызметінің басшысы Нұрлыбек Досқайыровтан көмек сұраған. Ол болса, келе сала, өз қызметкерлерінің қолынан толтырылған хаттаманы жұлып алып, жұмарлап тастапты. Аузына келгенін айтып, боқтық сөзбен сыбап алыпты. Полиция май орына қатысты қазір өз әріптестері қызметтік тексеріс жүргізіп жат