Адал дос👬👭

Мəңгілік дос. Дүние дос, мен сен үшін тұрам дейді, Қаласаң, жаудың бəрін қырам дейді. Мəңгілік дос Аллаға жол көрсетер, Адаспауға мынау Хадис, Құран дейді. Дос емес фəнилік дос жолдас болар, Жалғанда тағдыр қосып қалған шығар. Мысалы істі болып, сотты болсаң, Сотталуға қай достың жаны шыдар? Сынақсыз бұл жалған жалған болмас, Сын келгенде танылар нақты жолдас. “Кебенекте ерді таны“-дейді қазақ, Жан жолдасың жала тисе қаста қалмас. Мəңгілік дос жамандыққа шақырмайды, Ашулансаң, сабыр-сабыр батырлайды. Құдай емес құл екеніңді еске салып, Бағынбасаң бауырға сап тақымдайды. Сауық-сайран кезінде бəрі досың, Жалт береді, қисайса қоңыр қосың. Бұл жалғанның түрмесіне шыдамаған, Бола ала ма, АҚЫРЕТТІК мəңгі досың?
Back to Top