Болат Жұмаділов әуесқой бокстағы соңғы даулар жайлы және АІВА президенттігінен үміткерлер туралы

Қарашаның 3-і күні Мәскеуде АІВА Конгрессі өтеді. Жаңа Президент сайлануы мүмкін, сайланбауы да ғажап емес. Әуесқой боксты Гафур Рахимов басқара бере ме, әлде Серік Қонақбаев сайлауды жеңіп шыға ма? Жалпы, әлем әуесқой боксын не күтіп тұр? Олимпиада бағдарламасынан тыс қалады деген сыбыс қаншалықты рас? Осы сұрақтардың барлығын қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділовке қойған едік.
Back to Top