Карантин жарияланған қалаларда азық-түлік бағасы шарықтады

Доллар көтерілді деп, еліміздегі саудагерлердің көбі көк қағазға қатысы болса да, болмаса да тауарларының құнын шарықтатып жіберді. Әкімдіктегілер бағаны бақылауда ұстап отырмыз дейді. Бірақ олардың тауар деп нені айтатынын білмеймін, күнделікті біз сатып алатын заттардың бағасына күн сайын 5-10 теңгеден қосылып жатыр. Ал, зімбір, лимон, сарымсақтың саудасы ең бір құтырған құбылыс екенін мен айтпасам да білетін шығарсыздар. Карантин кезінде қарапайым халықтың көшеге шыға алмайтынын кәсіп иелері, атап айтқанда азық-түлік дүкендері мен жеміс-жидек сататындар қара басының қамы үшін қолданып жатыр. Жау жағадан алғанда, бөрі етекке жармасады деуші ме еді? ? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразиябіріншіарнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top