Видеорепортаж. «Анаға сәлем» халықаралық әйелдер күніне арналған концерт

2021 жылдың 7 наурызы күні «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің Халықаралық әйелдер күніне арналған «Анаға сәлем» атты концерті өтті. Мерекелік бағдарламада аналарға, аруларға – барша нәзік жанды қыз-келіншектерге арналған туындылар шырқалды. Кешті Д.Нұрпейісованың «8 март» және Б.Ғаламаттың «Аналардың арманы» күйлері ашты. Халықаралық конкурс лауреаттары – А.Дәулетбаева Н.Тілендиевтің «Әжеме», А.Жүкенова мен Г.Серікқызы Е.Хасанғалиевтің «Асыл арман», Д.Аханов М.Магомаевтың «Мелодия», Ч.Биксионың «Мамма», Меруеш Башай «Тақиялы періште» к/ф-нен А.Зацепиннің «Мама», М.Омаровтың «Анашым», ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.Ыдырысов орыс халық әні «Ах, ты душечка!» мен Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әндерін тарту етті. Халықаралық конкурс лауреатры А.Аужанова Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» балетінен Adagio, ҚР еңбек сіңірген қайраткері П.Тәшімов Е.Үсеновтың «Анама» шығармаларын орындаса, ал оркестр өз кезегінде Ж.Гарваренцоның «Вечная любовь», К.Караевтың «С
Back to Top