Коррупцияның кесірі

Таяу күндері 11 жоғары лауазым иесі отставкаға кетулері тиіс. Оған қол астындағы шенділердің коррупциялық әрекеттермен ұсталулары себеп. Бұл туралы аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мәлімдеді. Айтуларынша жауапқа тартылғандар саны 9 пайызға артқан. Және әрбір төртінші жағдайда мемлекеттік органдар мен квазисектордың басшылары тұтылған екен. Жиыны 417 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 11-і республикалық, 37-сі облыстық, 35-сі қала және аудан деңгейіндегі басшылар. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top