КАБИРХАН. МИЛЛИОН ДОЛЛАРҒА САТЫЛМАҒАН АТ

Өз иесінің ғана емес, күллі Алаштың абыройын аспандатып, атағын шығарған сәйгүліктің Кабирхан атануы тегін емес. Кабирхан - арабшадан аударғанда “Ең күшті, ең мықты“ немесе “Ең ұлы“деген мағынаны білдіреді. Аты затына сай болып, бақ сынаған бәйгесінен озып алда келіп жүр. Иесі - Тілек Мұханбетқалиевтің сөзінше мамандар оған 100 жылда бір туатын тұлпар деп баға берген. Аяқтары қаққан қазықтай тік, артық еті жоқ арғымақтың тұрқы шынымен әсем, келісті. 4 жасар Кабирхан қазір нағыз жігіт шағында. Ендеше Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген сәйгүліктің тұяғы сүрінбесін деп тілейік! 00:00 Анонс 00:52 Кіріспе 04:10 Студия қонағын таныстыру 04:56 Кабирхан АҚШ-та туған. 2 жасында алдым. 06:35 Әкесі де атақты чемпион болған, бәйгелерден 14 млн доллар ұтқан 08:59 АҚШ-тан 12 мың долларға алынды 09:31 Сәйгүлікті алғаннан кейін Ресейге жібердім 10:46 Арслангерей Шавуев деген атақты бапкерді атбегі болуға көндірдім 13:41 Еуропаға жаздырып, қайта бас тарттым. Дубайға апар деген ақыл-кеңестер берілді 14:39 Дубайдың стандарттары Еуропаның зертханасын ғана мойындайды. Анализдерін жіберуге 1 ай кетті 16:53 Бәйгеде көреалмаушылық көп. Кабирханды Ресейдегі түркітілді халықтар қолдады 19:08 Миллион долларға сат деп өтінгендер болды 20:39 Бәйге аттардың тағасын Голландиядан алдыртамыз 21:24 Еуропада асыл тұқымды 30 мың, АҚШ-та 60 мың, Англияда 20 мың, Ресейде 1200, Қазақстанда 100-120 байтал бар 23:31 Кабирхан Ресейде ғана 27 млн теңге ұтты 24:39 Дубайда 126 мың дирхам ұтты 25:04 Кабирханның рейтингі 97-ден 109-ға бірден өсті 26:09 Атақты шабандоз Бауыржан Мырзабаев Кабирханға шаба ма? 29:55 Қазақтың шабандоздарына лицензия алу қиын 31:55 Қазақстанда дені дұрыс ипподром қалмады 34:58 Бір досым жылқы сыйлады, қызығушылығым содан басталып кетті 37:51 Қазір Ресейдегі бәйге бойынша тергеу болып жатыр 40:23 Букмекерлер Кабирханды жоғары бағалады 42:36 Бәйгеге ресми түрде бәс тігуге рұқсат ету керек 45:21 Кабирханның жеңісіне бүкіл Қазақстан қуанды 45:58 Әлемдегі ат жарыстарының қашықтығының ерекшелігі 50:11 Дубайдан өткеннен кейін айғырлыққа жібереміз 51:35 Қазақи жылқы тұқымдарын әлемдік бренд етуге болады Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылуды ұмытпаңыз! Instagram Аударыспақ Көкпар Құсбегілік Асық ату Теңге ілу Бәйге Тоғызқұмалақ Жамбы ату Садақ ату #kabirkhan #кабирхан #қазақстан
Back to Top