Шымкент қаласында колледж студенттеріне флэшмоб өтті.
2018 жылдың 24 мамыр күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығында Облыстық СПИД орталығының мамандары колледж студенттерімен бірге «Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу» күніне орай флэшмоб өткізді. Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.